Slide 1

"АлЭС"-бейнеқабырға "Orion" АҚ жобасы

2011 жылдың қыркүйек айында «Энергия РК» компаниясымен «АлЭС» АҚ бас кеңсесін басқаратын диспетчерлік қалқанын ұйымдастыру бойынша шешім іске асырылды. Бұл жобаның аясында «Энергия РК» мамандары теле сигнал беру және теле өлшеу параметрлерін көзбен шолу, сонымен қатар SCADA «АЛЭС» АҚ автоматтандырылған жүйеде диспетчерлік басқару операторының басқарушылық және бақылау әрекеттерін қабылдау мақсатында, Orion жабдық базасында диспетчерлік қалқанды ұйымдастырды. 

Бейне қабырға 20 LCD модулдерден құрылды.  Ақпарат әліпби-цифрлық және графикалық түрде шығарылады. Суреттелген деректерді масштабтау және бөлшектеу мүмкіндіктері, олардың әртүрлі сценарийлері бойынша шығарылуы  қамтамасыз етіледі. Деректер базасын жоғалтпай ақпаратты шығару және суреттемені қалыптастыру үшін мультибейнебеттік режімде уақыттың нақты масштабында Datapath Vision800 графикалық және бейне бақылау пайдаланды.

«АлЭС» АҚ үшін «Orion» жабдық базасындағы диспетчерлік қалқан – бұл алдыменен энергожүйесінде пайда болған, күрделі процестерін көзбен шолу құралы. Орнатылған қалқан диспетчерлердің еңбегін жеңілдетеді және оларға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл шешім басқалармен салыстырғанда баға/сапа ара қатынастық бойынша ең жақсы болып есептеледі.