Slide 1

Open Transport Network (OTN)байланыстың топтан талшықты арналарының базасында бірлескен желіде әртүрлі трафиктерді біріктіруге мүмкіндік беретін жүйе.

Байланыс желісінің топологиясы (OTN) желі торабының (мультиплексорлар) өз араларында «нүкте-нүкте» түрінде қос байланыстың талшықты – оптикалық желілері (БТОЖ) арқылы байланысқан «қос сақина» базалық топологиясында құрылған. Бұл БТОЖ-дар берілген ақпараттардың қарсы бағыттарға айналып жүретін екі сақинаны жасайды. Қалыпты жұмыс кезінде қолданушының барлық мәліметтері бір сақина (жұмыс істейтін) бойымен беріледі, бұл кезде екінші сақина қосымша қор болып табылады. Соңғысы запаста ұстауға қабілеттілікті бақылау үшін синхрондау режимінде тұрады. Резервтегі сақина апатты жағдайда, керек болғанда, жұмыс істеу сақинасы бойынша берілген  барлық мәліметтердің берілуін жартылай немесе толықтай өзіне ала алады.

Негізгі сипаттамалар:

• Магистраль – қос талшықты – оптикалық сақина

• Интерфейстік модульдер үшін әмбебап слоттар

Сигналдардың аппараттық өңделуі

Бөлінген архитектура

Уақытқа қарай бөлумен мультиплексирлеу (TDM)

• Өткізу алабының икемді бөлінуі

OTN негізгі сипаттары:
- Желінің барынша қолжетімдігі. Желінің кеңеюі, икемделуі және жөнделуі кезінде ол:
      автоматты қайта пішім үйлесімділігінің
      әмбебап тораптардың
      автоматты түрде іске қосылу үрдісінің
      интерфейсті модульдердің арқасында жұмысқа жарамды қалыпта қалады.


- Желіге тікелей кіру және кепілдендірілген кіру қабілеттілігі

- Сенімді байланыс
- Интерфейстік модульдердің әртүрлілігі
- Желінің жағрафиялық созылыңқылығы
- Өткізгіштік қабілетінің икемді бөлінуі
- Қарапайым желілік түзетулер
- Қателіктердің тез табылуы және желілердің қарапайым қалпына келтірілуі

- Желі тораптарында (мультиплексорлар құрамында) жүзік пен интерфейс модульдерінің жұмысындағы кез-келген қателіктер туралы ақпараттың келуі орталық дәрежеде және жартылай локальді дәрежеде жүзеге асырылады. Бұл:
     желіні басқару жүйесімен
     көзбе-көз индикация арқылы
     модульдік құрылыммен қамтамасыз етіледі.
Байланыс желісі архитектурасы (OTN) SIGMA талшықты- оптикалық беру жүйесінің бес негізгі компонеттерінде негізделген:
- талшықты – оптикалық кабелінің (ТОК) инфрақұрылымы
- OTN тораптары (мультиплексорлар:  SIGMA215,  SIGMA22,  SIGMA42)
- жалпы логикалық схемаларымен BORA желілік модульдері (кеңжолақты оптикалық сақиналы адаптерлер):
       BORA150-215-XY (X,Y=I,S,L,F), BORA600-215-XY (X,Y=I,S,L,F), BORA2500-215, BORA-215;
       BORA150-22-XY (X,Y=I,S,L,F), BORA600-22-XY (X,Y=I,S,L,F), BORA2500-22, BORA-22;
       BORA622-X3M, BORA622-ETX, BORA2500-X3M, BORA2500-ETX, BORA2500-ULM150, BORA2500-ULM600;
- байланыс желісіне қолданушылардың кіруін қамтамасыз етуші интерфейсті модульдер;
- OMS деп аталатын байланыс желілерін басқару жүйесі (OTN Management System).

Байланыс желілері тораптарының құрылымы (OTN) SIGMA талшықты – оптикалық беріліс жүйесінің мультиплексорлары пішім үйлесімділігіне сай келеді. Мультиплексорлар құрамына кіретін модульдердің жариялануы үшін 19 дюймдық сөрелер қолданылады: S-215, S-22, S-42. Бұлардың барлығы жалпы модульдер (PSU қуаттандыру модульдері, FAN желдеткіш модульдері, BORA желілер модулі) қатарын орнатуды және интерфейс модульдерінің жиынтығын:

-         S-215 сөресінде 4 интерфейс модулі;
- S-22 и S-42 сөрелерінде 8 интерфейс модулі

 қамтиды.
S-215 сөресі үшін жалпы модуль болып PSU1 (жұмыс істейтін) и PSU2 (резервтегі) қуаттандыру модульдері, FAN желдеткіш модульдері мен белгіленген оптикасы немесе OTR алмалы-салмалы оптикалық қабылдағыш-таратқышы болуы мүмкін жалпы логикалық схемасы бар желілік модуль (BORA кеңжолақты оптикалық сақина адаптерлері) болып табылады.  S-22 сөресі үшін жалпы модуль болып PSU1 (жұмыс істейтін) и PSU2 (резервтегі) қуаттандыру модульдері, белгіленген оптикасы немесе OTR алмалы-салмалы оптикалық қабылдағыш-таратқышы болуы мүмкін жалпы логикалық схемасы бар желілік модуль (BORA кеңжолақты оптикалық сақина адаптерлері) болып табылады.

S-42 сөресі үшін жалпы модуль болып PSU1 (жұмыс істейтін) и PSU2 (резервтегі) қуаттандыру модульдері, бірі резервті және NSM42 торап тірегінің қосымша модулі болып саналатын екі желілік модуль (BORA кеңжолақты оптикалық жүзік адаптерлері) болып табылады.

Барлық модульдер алдыңғы панельдері мультиплексордың (OTN торабының) алдыңғы панелін құрайтын ауыстырмалы блоктар болып саналады.
PSU қуаттандыру модулі барлық ауыстырмалы модульдердің: +5В, +12В и –12В электрлік қуаттандырылуы үшін керекті кернеуді шығарады. Модульдердің мультиплексорлардың ұдайы токтың алғашқы көзіне 48В кесімді кернеуімен немесе ұдайы токтың алғашқы көзіне 230В кесімді кернеуімен қосылуын қамтамасыз ететін әртүрлі түрі бар. Желдеткіштер модулі әрбір мультиплексор құрамында барлық электрондық модульдер үшін жұмыстың керекті температуралық режимін қамтамасыз етеді.
BORA кеңжолақты оптикалық сақиналы адаптер уақытша бөлумен (TDM)  мультиплексирлеу/ мультиплексирлемеу қызметінің орындалуын қамтамасыз ететін желілік модуль болып саналады және  алынған мәліметтерді қабылдап алу бағытына тиісті интерфейстік модульге, ал қабылдап алу бағытында – интерфейстік модульден оптикалық қабылдап алып таратқыштарға жібереді. Сонымен қатар ол қайта пішім үйлесімі және желілердің синхрондануы секілді әртүрлі жүйелік (желілік) қызметтер үшін алгоритмдерді жүзеге асырады. Оның электрлік қуаттандырудың тоқтап қалуынан қорғалған оперативті жадында  (ОЗУ) үнемі жобаланып қойылған қосылулар туралы барлық мәліметтер сақталады. Осылайша әрбір желілер (мультиплексор) торабы аппартық құралға орнатылған өзінің жеке логикасына ие болады.
Мысалыға, кабелдің үзілуі секілді кідірістер ЖКК араласуынсыз (OMS) өте жылдам жөнделеді (SIGMA215 және SIGMA22 үшін 50-ден 120 мс дейін, және SIGMA42 үшін 50 мс аз ). Мультиплексордың толықтай немесе жартылай өшірілуінен соң байланыс желісі ЖКК араласуынсыз жұмысты қайта жандандыра алады; өзін- өзі тестілегеннен кейін желі дереу қолжетімді болады.

Өнімде байланыс желісінің өткізгіштік қабілетіне және кабельдің оптикалық сипаттамаларына керекті, алып жатуы тиіс арақашықтыққа қарай түрлі оптикалық қабылдағыш-таратқыштар қолданылады. Оптикалық қабылдағыш- таратқыш модульдер оптикалық қабылдап алу және таратуды, электрлік оптикалық өтуді, компоненттік сигналдардың кодылануын/ кодының ашылуын және ырғақтық синхрондануды қалпына келтіруді жүзеге асыратын белгіленген немесе ауыстырмалы (алмалы-салмалы) оптикалармен жабдықталуы мүмкін BORA желілік модуліне  орнатылады.
Қабылдағыш-таратқыштардың төмендегіше түрлері бар:

 - әртүрлі сипаттағы OTR модулінің – өзге өндірушілердің ұқсас жабдықтарымен жұмысқа (өзара әрекетке) арналмаған  жеке қабылдағыш-таратқышы:

Оптикалық кабель түрі – көпмодалық және / немесе бірмодалық;

Толқын ұзындығы - 1310 нм немесе 1550 нм;

оптикалық потенциал (бірнеше ондаған дБ);

оптикалық сигналдың берілу жылдамдығы (өткізгіштік қабілеті) - 150Мбит/с, 600Мбит/с немесе 2500Мбит/c.


- SDH үйлесімді қабылдағыш- таратқыштар SDH стандартты жабдығымен бірлесе жұмыс істеуге арналған.

Қолданушының барлық жабдықтары сақинаға берілген TDM желілік сигналының кадрларына жайласатын және шығатын сандық сигналдарда қолданушы сигналдарының қалыптасуын жүзеге асыратын интерфейстік модульдерде тиісті интерфейстік модульдер арқылы байланыс желісіне қосылады. Модульдерді электрлік қуаттандырғыштары қосулы кезде шығаруға және қосуға болады («ыстық» ауыстыру). Дауыстардың, мәліметтер мен бейнебаяндардың берілуімен байланысты қызметтерді жүзеге асыру үшін интерфейс модульдерінің түрлі түрлері бар.

Приклепленные файлы:
Презентация OTN Gas Oil
Презентация OTN на перегонных заводах

 Краткое описание системы OTN
Связь в Шахтах на OTN