Slide 1

Hipath DAKS аудиоконференцбайланысының шешімдері бөлімі.

Бір кездерде телефон шалу немесе шақыруды қабылдау үшін телефон жүйелері қажет болған. Бұл уақыт өтіп кетті. HiPath 3000 және HiPath 4000, HiPath DAKS коммуникациялық тұғырнама негізінде құрылған бірнеше талаптарды орындайды: 

• Хабарлау

Маңызды ақпарат жеке пайдаланушыларға немесе бір топқа телефон немесе мәтін арқылы жылдам жіберілуі мүмкін.

                                                          
• Жеке қауіпсіздік

Қауіпті жағдайда жұмыс істейтін адамдарға  DECT – телефондарына тұрақты шақырулар жіберуге болады, және жауап кезінде бұл қызметкермен ешнәрсе болмағандығына көз жеткізу. Қызметкердің өзі жедел шақыру түймесін баса алады.     


• Нақты жайғасым

HiPath DAKS жайғастыру сервермен бірге, HiPath копоративтік желісінде DECT – абонентінің жағдайын анықтай алады.


• Жүйелі телефондарға арналған электрондық поштаның/мәтін хабарламаларының қызметтері

Әртүрлі ақпарат, мысалы жұмысқа деген наряд немесе жарамсыздық туралы хабарлама пайдаланушылардың телефондарына жіберілуі мүмкін.


• Телефон конференциялар, оның ішінде веб-негізделгендер

Конференцияны аяқ астынан ұйымдастыру мүмкіндігі әртүрлі дағдарыс жағдайында өте маңызды болуы мүмкін.

• Хабарландыру және бақылау қызметі

Бұрын жазылған және «тірі» хабарламалар бір уақытта кеңейтілген дәрісханаға тапсырылуы мүмкін.  


• Бірыңғай нөмір қызметі

Бірыңғай нөмір қызметі бір нөмірді ғана теріп, әртүрлі нөмірлі бірнеше абоненттерді бірден шақыруға мүмкіндік береді.   

• Топтық шақыру

Топтың барлық мүшелері бір уақытта бір нөмір бойынша шақырылуы мүмкін.


Конгресс және Альянс аудиоконференцбайланысының шешімі

Аудиоконференцияны және аймақтық хабарламаларды өткізу үшін екі жүйені ұсынуға қуаныштымыз: Конгресс және Альянс. Жабдық жүзеге асырылған қызметтер бойынша сараланады және әртүрлі қаржы мүмкіндіктері бар тапсырыс берушілерге  көрсетіледі.

 

PRI E-DSS1 бойынша кез келген цифрлы АТС қосылатын жеке модуль ретінде орындалу жүйелері және 20-дан 120-ға дейін қатысушыларға жиналыстар өткізілуі мүмкін.    


CTI-жасаудан Конгресс пен Альянстың негізгі айырмашылығы: ПК ажырату немесе ілініп қалған кезде бұл конференц-көпірлерде конференцияны тұрып қалу және өшу кезінде тоқтатылудан сақтау іске асырылады (жабдық автономия түрінде жұмыс істейді).  Компьютерден шықсаңызда хабарлама үзілмейді, бұл жағдайда конференцияны басқару телефон аппаратынан ПК қайтадан қосқанға дейін жалғасады (конференцияның ағымдағы жағдайы монитордың бейнебетінде дағдылы түрде қалпына келеді).

 


Конгресс — технологиясы жоғары, көп жетелік жүйе, талап ететін тапсырыс берушілерді қанағаттандыруға арналған, прогрестің шыңында болуға, жылдам және тиімді өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауға дағдыланған.  Конференция қатысушыларының саны  — 120-ға дейін жететін абоненттер. 

Альянс — қуатты қазіргі заманғы жабдық, баға/сапа ара қатынасы тамаша үйлесім тапқан, оның негізгі және атқарымдық мүмкіндіктері тапсырыс берушілердің көпшілігінің көңілінен шығары сөзсіз. 120 қатысушыға дейін. 

Конференц-жүйенің артықшылығы:

Тиімділігі 

Жиналысты өткізу және шешімдерді жедел қабылдау қаржыны және уақытты үнемдеу есебінен кәсіпорынның басқару тиімділігін едәуір көтереді. Жүйенің орнын толтырудың болжамды мерзімі – 1 жылға дейін! 

Хабарлауды ұйымдастыру мүмкіндігі (ішкі, сыртқы, оның ішінде ұялы телефондарына)


Жайлылық


Интуитивті түсінікті интерфейс.
ПК бейнебетінде барлық абоненттердің жағдайын көрсету.

Бір пернені басып абоненттерді басқару (перне тақта, тышқан, консоль ТА, сенсорлық бейнебет). 

Сенімділік 

"Альянс" және "Конгресс" жүйелері нақты уақыттың кіріктірілген жүйесінің технологиялары бойынша құрылған, өнеркәсіптік компьютерге байланбай, жеке аппараттық-бағдарламалық модуль құрылуына негізделген.  
Бағдарламалық, аппараттық бөлігін жасау бір өндірушімен жүзеге асырылады.