Slide 1

«МиниКом DX-500» телекоммуникационды жүйесі


«МиниКом DX-500» телекоммуникационды жүйесі ведомстволардың жəне ірі кəсіпорындардың байланыс желілерін модернизациялауға арналған бірыңғай цифрлық тұғырнама ретінде қалыптастырылды. Оның өзгешілігі – байланыстың кез келген корпоративтік жүйесіне дерлік оңтайлы ену қабілеттілігінде, бұл ретте ол бұрынғы аналогтық жүйелермен де, қазіргі заманауи цифрлық құралдармен де жұмыс жасау мүмкіндігін шебер үйлестіреді.
«МиниКом DX-500» жүйесі қолданылады:
· байланыс желісін тұрғызу үшін;
· бөлінген ведомстволық желілерді басқа ведомстволардың байланыс желілерімен түйістіру үшін;
· жалпы тағайындаудағы желілерге шығу үшін;
· қызметтермен ықпалдастырылған цифрлық желілерде жұмыс жасау үшін (ISDN);
· қолмен қызмет көрсетілетін операторлардың ішжүйелерінде;
· диспетчер орталықтарында;
· ақпараттық орталықтарда;
· микроұялы байланыс жүйесін жəне DECT стандарттағы сымсыз абоненттік радиоқатынас құру желісін құру үшін;
байланыстың транкингтік жəне спутниктік жүйелерімен түйіндестіру үшін;
· байланыстың транкингтік жəне спутниктік жүйелерімен түйіндестіру үшін;
· түрлі хаттамалардағы Е1 цифрлық ағындардың автоматтандырылған коммутация түйіндерін (АКТ) құру үшін.
с различными протоколами.
Байланыс желілерін цифрландырудың кезең бойынша болатынын жақсы түсіне отырып, «МиниКом DX-500» жүйесінің əзірлеушілері келесі мəселелерге ерекше көңіл аударды:
· құралдың бірізділігін, қазіргі қолданыстағы аналогтық арналармен жəне аппаратурамен сəйкестілігін, байланыс желілерінің кезең бойынша, баппен модернизациялану мүмкіншілігін қамтамасыз ету;
· бұрынғы КСРО территориясындағы барлық ведомстволарда қолданылатын дабыл берудің барлық типтерін қолдауды қамтамасыз ету;
· жүйелерді цифрлық арналар жəне байланыс желілері бойынша жұмысқа ауыстыру барысындағы қолданыстағы желілік алгоритмдерін жəне диспетчерлік бақылаудың ыңғайлылығын сақтау;
· бұл жүйелердің жетелерін бір бұйымда
қосарластыруға мүмкіндік беретін, құралдың резервтілігін жəне жөндеуге қабілеттілігін айтарлықтай арттыратын желінің коммутациялық жəне шектік құралының аппараттық бөлігін унификациялау;
· абоненттерге (жəне, ең əуелі, диспетчерлерге) қызмет көрсету шоғырландырылған цифрлық желілердің кеңейтілген қызметтерін ұсыну, соның ішінде, басқарудың қолданыстағы қағидаттарын мінсіз сақтай отырып, бейнеақпаратты тасымалдау;
· байланыс тұрақтылығын жəне сапасын арттыру.

МиниКом DX-500 Цифр.телеком.платформа