Slide 1

Open Scape Voice жүйесі



OpenScape Voice көмегімен ортақ жұмыс істеу қарқынын арттырып, коммуникацияны жылдамдатады. Әлемдегі жалғыз ғана SIP хаттамасы базасында бірлескен сыныптың бағдарламалық коммутаторы болып табылады.
OpenScape Voice сізге дәл басқа бизнес-қосымшалардың сервисі секілді, ақпараттарды өңдеудің орталықтандырылған орталығынан дауыстық сервистер ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша сіздің шығындарыңызды негізінен 20% көп азайтады. Сонымен қатар сіз бірдей толық қызметтің топтамасын ұсынып, сіздің барлық желілеріңіздің шеңберінде бірдей дағды қалыптастыра аласыз.
Бұл шешім Әмбебап коммуникациялар үшін негіз жасайтын және қызметтің кең жиынтығын ұсынатын SIP хаттамалар базасында операторлық сыныбының бағдарламалық коммутаторының бірден-бір ашық архитектурасына ие. Бұл шешім орта және ірі компаниялар үшін, сондай-ақ managed service сыныбының қызметтер провайдерлері үшін таптырмас шешім болып табылады.
OpenScape Voice, қандай жағдайда болсын салым қауіпсіздігін сақтай отырып, сіздің желіңіздің бір қолданушы, қолданушылар тобы, департамент, филиал немесе барлық желі үшін Ашық коммуникацияға бірқалыпты өтуіне демеу болады. Ірі кәсіпкерлік шеңберінде дауыстық сервистерді ұсынудың өрістетілуі кезінде шешім Басқарудың толық құнының (ТСО) ең төменгі көрсеткішіне және Салымның қайтарылуының (ROI) ең жақсы мүмкін болатын көрсеткішіне ие болады. Сонымен, нәтижеде, бұл шешім бизнес – үрдістердің тиімді әрі қарапайым ықпалдастығы үшін SOA / вэб сервистердің платформасында құрылған.

Open Scape Voice базасында Цодотелефония.

Сіз ЦОД құрып жатырсыз, алайда одан қалайша ең көп ROI алатыныңызды білмейсіз бе?
Көптеген компаниялар қазірдің өзінде өз ЦОД-н құрып алды, ал басқалары енді бастап жатыр. Егер сіздің алдыңызда ЦОД-тардың қуатын үнемді пайдалану, бірлескен коммуникация шығындарын азайту, байланыс қызметін ұсыну икемділігін арттыру секілді мәселелер тұрса, онда сіздің мәселеңіздің шешімі үшін Siemens Enterprise Communications «бұлттан» бірлескен коммуникация ұсыну – ЦОДОТЕЛЕФОНИЯ шешімін ұсынады. Шешім 2010 жылы АҚШ, Орландода VoiceCon көрмесінде марапат алған OpenScape софтсвич-платформасында негізделген.
ЦОДОТЕЛЕФОНИЯ виртуалданған ортадағы секілді белгіленген серверлердің базасында да жазылуы мүмкін.
SEC-тен ЦОДОТЕЛЕФОНИЯ-ның бірегей артықшылықтарының бірі - multi-tenancy- бірнеше ұйымдар тарапынан OpenScape Voice бірыңғай шешімін қолдану мүмкіндігі болып табылады. Бұл ретте ұйымдардың әрқайсысы OSV барлық қызметіне ие өз «виртуалды коммуникация жүйесіне» ие болады және оны өз бетімен толықтай басқару мүмкіндігіне ие болады. Бұл кезде ұйымдардың бір – бірінен толықтай қорғалуы және жекелігі қамтамасыз етіледі.
Siemens Enterprise Communications телеком мен хостинг провайдерлерге ЦОД-тағы бірлескен тұтынушыларға, сондай-ақ өзінің жеке ЦОД-ын қолданысқа енгізуші ірі ұйымдарға қызмет көрсету үшін өзінің ЦОДОТЕЛЕФОНИЯ шешімдерін ұсынады

Ірі кәсіпкерліктер үшін ЦОДОТЕЛЕФОНИЯ-ны қолданудың пайдалары:

• Шешімді күшейту кезінде CAPEX негізімен азайту мүмкіндігі;
• Иелік етудің болжаулы желілік құны (OPEX);
• МГ/МН байланысын қолдану шығындарының қысқартылуы;
• Бірлескен байланыс жүйесінде бизнес – қосымшалардың ықпалдастығы;
• Бірлескен қызметтердің бай таңдауы, соның ішінде "шеф-хатшы", "топтарды басқару", "әңгімені бөлу";
• Мобильді құрылғы үшін тұтынушы, соның ішінде iPhone мен iPad;
• OpenScape Voice көмегімен бар УАТС-тің орталықтандырылған басқарылуы есебінен қолда бар салымдардың қорғалуы.

Байланыс операторлары мен хостинг провайдерлері операторлары үшін ЦОДОТЕЛЕФОНИЯ-ны қолданудың пайдалары:

• Тапсырыс берушілерге көрсетілетін қызметтердің спектрлерін кеңейту;
• Байланыс қызметіне бәсекелестік бағаның құрылуы;
• Иелік құнының азаюы;
• Шешімнің мінсіз ауқымдануы;
• Заманауи талаптардың базасында СОРМ болуы.

ЦОДОТЕЛЕФОНИЯ шешімін қолданудың оңтайлылығы үшін Siemens Enterprise Communications төлемнің 2 үлгісін ұсынады:

• Лицензия үшін;
• Айлық абоненттік төлем;
• Толық қызметпен шешімнің пилоттық жинағы ең төменгі бағамен қол жетімді.

Приклепленные файлы:
Брошюра
Презентация OSVoice