Slide 1

Dect стандартының радиобайланысын ұйымдастыруы.

 

Dect стандартының радиобайланысын ұйымдастыруды біз Gigaset M2 Professional абоненттік
терминалымен SIEMENS AG (Германия) HiPath Cordless жабдығында ұсынамыз.
Базалық станциялар радиосоттарды жасайды жəне сымсыз терминал құрылғыларымен (сымсыз түтіктермен)
байланыс ұстайды. Олар 1, 2 немесе 3 UP0/E жүйеге тəуелді интерфейс арқылы арнайы            HiPath 4000 интерфейсті платаға, яғни радиокоммутаторға немесе 1 UP0/E интерфейс арқылы тікелей жүйені басқару блогына (аналық плата) қосылады. Қосылу түрі жүйенің нұсқасына
байланысты болады. Осылайша бір ғана базалық станция арқылы бір мезгілде 12 –ге дейін қоңырау шалуға (3 UP0/E интерфейсі көмегімен қосылу арқылы ) болады.
Арнайы өндіріс аймағы үшін шығарылған Gigaset M Professional сымсыз телефон трубкалары сөз сигналының керемет сандық сапасын, тыңдалудан жоғары дəрежелі қорғанысын жəне алыс əрекет қашықтығын (ғимарат ішінде 50 метрге дейін жəне көшеде 300 метрге дейін) ұсынады.
Аталмыш трубкалар арзан əрі қолданысқа үнемді. Төрт қатарлы дисплей, мəзірді таңдау клавиштері мен еске салулар қолданыстың ыңғайлылығы мен жайлылығының
жоғарғы дəрежесін қамтамасыз етеді. Тағы бір артықшылығы – барлық радиотелефон жүйесіне қауіпсіз кіру: басқа өндірушілердің сымсыз телефоны бар қолданушылары, кіру орталықтан басқарылатын болғандықтан, жүйеге рұқсатсыз қосыла алмайды. Сымсыз трубкалар радио тараған барлық аймақтарда телефон қоңыраулары жасауға мүмкіндік береді. Онымен аймақта
жүре отырып (ауысу, кеңестер, конференциялар, т.б.), HiPath 4000 коммуникациялық жүйесінің қызметтерінқолдануға болады.
Аталмыш жүйе «KEGOC» компаниясында табысты түрде жұмыс істеуде, керек болған жағдайда, пікірлер мен кепілдемелер ала аламыз.