Slide 1

SAF Tehnika – əлемдік операторлық санаттағы «нүкте-нүкте» радиорелелік құрал өндірушілердің көшбасшыларының бірі. Компания ISO жүйесі бойынша сертификатталған жəне оның акцияларының бағасы NASDAQ биржасында белгіленген. SAF лицензионды 300MГц-38ГГц жəне лицензионды емес 5,8MIMO, 17 жəне 24ГГц диапазондары үшін өткізу қабілеттілігі 720Мбит/с дейін (толық дуплекс) радиорелелік жүйелерді өндіреді. SAF құралы ETSI жəне FCC стандарттарына сəйкес келеді. SAF Tehnika микротолқынды радиобайланыс саласында тиімді шешім іздестіріп жүрген клиенттердің талаптары мен ерекше талап-ниеттерін түсінуге, қанағаттандыруға жəне асыра орындауға ерекше көңіл бөледі. Компания өзінің басымдық міндеті ретінде клиенттері алдындағы міндеткерліктерін нақты орындау деп біледі. Бұл бəсекегеқабілетті бағадағы жəне жоғары сапа стандартындағы құрсымсыз байланыс құралдарын өндіруге жəне жеткізуге қатысты. Өздік əзірлемелеріміздің, бір жерде - Еуропадағы Рига қаласында – жүзеге асырылатын өнімді өндірудің жəне жөндеудің арқасында, біз аталмыш сала өнімдері, талаптары жəне мəселелері шеңберінде жан-жақты хабардармыз, бұл клиенттердің талаптарын қанағаттандыруда біздің шешімдеріміздің таптырмас болуын қамтамасыз етеді.  
Шешімдер
SAF Tehnika компаниясы деректерді IP, SDH жəне PDH тасымалдауға арналған қол жетімді радиорелелік шешімдерді ұсынады. Біздің құрсымсыз желілеріміз, əдетте, əрі жеке, əрі корпоративтік желілер үшін қолданылады жəне дауыстар мен деректерді тасымалдау үшін барынша сəйкес келеді. Біздің құрал E1, Ethernet жəне V.35 секілді трафиктің түрлі типтерін қолдайды. Трафиктің барлық түрлері нүкте-нүкте байланысу жүйесінің түрлі топологиялық сұлбаларында пішінүйлесімді бола алады, нəтижесінде қорғаныс сұлбалары өте икемді бола бастайды. IP, SDH жəне PDH құралы негіздік желілерде, сондай-ақ көмекші ұшқыр жжелілерде қолданылады. SAF Tehnika құрсымсыз жүйелері кəбілдік желілерді пайдалану қымбат немесе мүмкін емес саналатын таулы жəне орманды жерлерде пайдаланылып қана қоймай, елді мекендердегі құрсымды шешімдерге тиімді балама ретінде де пайдаланылуы мүмкін. SAF Tehnika компаниясы құралының икемділігі мен жеңіл орнатылуы ұшқыр, ббекітілген, ISP, корпоративтік, үкіметтік жəне басқа да жеке желілер немесе қоғамдық пайдаланудағы желілер үшін таптырмас шешім болып табылады.

Приклепленные файлы:
Презентация
Презентация SAF